Біз туралы

«ЮКМЗ» АҚ – Түркістан облысы мен бүкіл Қазақстан бойынша ең ірі машина жасау зауыттарының бірі.
Зауыттың даму тарихы 1931 жылдан бастау алады, ол кезде жөндеу шеберханасының базасында Манкент ауылшаруашылық машиналар зауыты құрылған болатын.

Кәсіпорын — жоғары сапалы машина жасау өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізетін ірі жеткізушілердің бірі.

Осы уақыт бойы зауыт посткеңестік кеңістікте нарықтық инфрақұрылым мен экономиканың қалыптасу жағдайында жұмысын тоқтатпай, ауыл шаруашылығы мен мұнай өнеркәсібіне, коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ түрлі мақсаттағы басқа да кәсіпорындарға арналған жабдықтар өндірісін жалғастырып келеді.

181 а.

жалпы қызметкерлер саны

1931 ж.

құрылу күні

560 000 м²

жалпы өндірістік алаң